429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: COVID-19 вирусын бумен емдеу қауіпті  

  • 443
  • UPD: 17:42, 09.07.2020
Мамандар: COVID-19 вирусын бумен емдеу қауіпті  

COVID-19-ды емдеу терапиясында ингаляция жасау қауіпті. Ас содасы қосылған судың буына ауыз мен мұрын қуысы күйіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі соданың вирусты өлтіретіні туралы ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі сақ болуды ескертеді. Әсіресе, вирустан өкпе қабынған жағдайда бумен емделуге болмайды. Мамандардың айтуынша, ас содасына аллергия болуы да мүмкін. Квинке ісігі адам өміріне өте қауіпті. Ыстық бу, жүрек-қан тамыры мен бүйрек ауруын асқындырады.

Хабар 24 телеарнасы