418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: стационардан кейінгі ем шарасы

  • 169
  • UPD: 20:33, 09.07.2020
COVID-19: стационардан кейінгі ем шарасы elements.envato.com

Ауруханадан шыққаннан кейін учаскелік дәрігерге хабарласып, стационарда ем алғаныңызды айту міндетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі қарай дәрігердің барлық нұсқауын орындау керек. Әсіресе, пульмонолог маманның бақылауында болған жөн. Бұл – денсаулық сақтау министрлігінің кезекті кеңесі. Сондай-ақ, басқа да созылмалы аурулар болса, уақытылы емдеп, қажетті анализ тапсыру керек. 4 аптадан кейін тағы бір рет тексерілу артық етпейді. Күніне екі рет дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, тыныс алу жиілігін тексеріп отыру маңызды. Суды көп ішіп, құнарлы тамақ жеу керек. Жәйлап дене жаттығуларын жасауға болады. Ең бастысы, санитария шараларын қатаң сақтап, қолды жиі жуу қажет.

Хабар 24 телеарнасы