418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шоколадтың қай түрі пайдалы және күніне қандай мөлшерде тұтынған жөн

  • 224
  • UPD: 15:55, 10.07.2020
Шоколадтың қай түрі пайдалы және күніне қандай мөлшерде тұтынған жөн

Диетолог Антонина Стародубова шоколадтың қандай түрі пайдалы екенін және оны күніне қандай мөлшерде тұтынған жөн екенін айтты, деп жазды rosbalt.ru.

Оның айтуынша, құрамында кемінде 70% какао бұршағы бар және қант мөлшері 25%-дан аспайтын шоколад әлдеқайда пайдалы. Оған ащы және кейбір қара шоколадтар жатады.

Маман бір күнде тұтынылатын шоколад мөлшері 25 грамнан аспауы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңғақ қосылған ащы шоколадты таңдауға кеңес береді.

«Әр түрлі кондитерлік қант салмасы бар шоколадтарда, сәйкесінше, калория көп болады», - деп ескертті диетолог.

Дәрігер сонымен шоколадты күннің бірінші жартысында тұтынған жөн екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы