418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 207
  • UPD: 17:57, 11.07.2020
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 шілдеде еліміздегі бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Сол күні күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Сол күні таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде күндіз Көкшетауда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

12 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні күндіз Қызылорда қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

12 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 12 шілдеде күндіз Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы