424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шоколадтың адам ағзасына пайдалы қасиеттері

  • 1010
  • UPD: 20:28, 11.07.2020
Шоколадтың адам ағзасына пайдалы қасиеттері

Бүгін Дүниежүзілік шоколад күні. 25 жыл бұрын француздар бекіткен бұл мерекені еуропалықтар ерекше ұлықтайды. Өйткені какаодан жасалған тағамның денсаулыққа пайдалы тұстары көп екенін біледі. Қазір әлемнің көптеген елінде бұл кондитерлік өнімді тап осы кәрі құрлықта қолданатын технологиямен жасайтын көрінеді.

Жасын Біркенов, тілші:

- Шоколадтың отаны Латын Америкасы. Дәмі тіл үйірген тәттіні сонау 4 мың жыл бұрын ацтектердің тайпасы ойлап тапқан деседі. Кейін үндістердің жерін басып алған испандар бұл кондитерлік өнімді Еуропаға әкеледі. Шоколадтың кәрі құрлықта жоғары сұранысқа ие болғаны соншалық, еуропалықтар бұны «Құдайлардың тағамы» деп атап кеткен екен. 

Ацтектер әу баста шоколадты сусын қылып жасағанын екінің бірі біле білмейді. Ал какаоның дәнін ақшаның орнына пайдаланыпты.

Олесь Прудивус, шоколад фабрикасы директорының орынбасары:

- Бұл тәтті 16-ғасырда Еуропаға әкелінген кезде де сусын болған. Тіпті «шоколад» сөзінің өзі «ащы сусын» деп аударылады екен. Ал оның қазіргі түрін тек 19-ғасырда швейцариялық кондитерлердің бірі ойлап тапқан.

Шоколад Еуропада ақсүйектер үшін ғана қолжетімді болған. Оның емдік қасиеті көп екенін сол кезден білген. Бұл кондитерлік өнім көңіліңді көтеріп, бойыңдағы күш-қуатты арттырады. Әрі бұл қан тамырларына оң әсер етіп, жөтелден қорғайтын тәттінің бірі. Сонымен бірге мидың жұмысын жақсартып, адамның өмірін ұзартуға сеп болады дейді ғалымдар.

Олесь Прудивус, шоколад фабрикасы директорының орынбасары:

- Шоколадтың құрамындағы какао майы өте шипалы. Оны медицинада кеңінен қолданады. Мысалы, тұмау секілді жұқпалы ауруларды емдеуге жақсы.

Бүгін Дүниежүзілік шоколад күні. Бұл мерекені осыдан ширек ғасыр бұрын француздар ойлап тапқан екен. Қазір әлемде Бельгия, Германия, Швейцария мен Францияның шоколадтары жоғары сұранысқа ие. 

Авторы: Ж.Біркенов

Хабар 24 телеарнасы