418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше өңірде аптап ыстық болады

  • 223
  • UPD: 16:39, 13.07.2020
Бірнеше өңірде аптап ыстық болады

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады kazhydromet.kz.

Түркістан облысының батысында 14 шілде күні күндіз  40 градус қатты ыстық күтіледі. 14-15 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 14-15 шілдеде таңертең және күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 14 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. 14-15 шілдеде шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі. Қызылорда қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 41 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде 14 шілде күні найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

14 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Жезқазған қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

14-16 шілде күндері күндіз Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қаласында 14-16 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай, 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

14-15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы