423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрі-дәрмек бағасына күмән туғанда dari.kz қосымшасы арқылы тексеруге болады

  • 425
  • UPD: 23:13, 13.07.2020
Дәрі-дәрмек бағасына күмән туғанда dari.kz қосымшасы арқылы тексеруге болады

Қостанай облысында да дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттау фактілері жиілеген. Әсіресе дене қызуын басатын препараттар мен антибиотиктердің құны шарықтап тұр.

Қазір аймақта бірнеше арнайы тексеру тобы құрылған. Олар дәріханаларды күнделікті аралап, баға өсіміне мониторинг жүргізеді. Тұрғындар 1424 сенім телефоны бойынша дәрілік заттардың қымбаттауына шағымдана алады. Егер оның құнына күмәніңіз болса, DARI.KZ мобильді қосымшасы арқылы шекті бөлшек бағасын тексеруге болады деп ескертеді мамандар. 

Сәуле Ержанова, облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Меркаптопурин және ротацеф дәрілік препараттарын заңсыз сату фактілері әшкереленді. Қазір тексеруді бастадық. Оның нәтижесін кейінірек айтамыз. Сонымен бірге новиган мен аспириннің қымбатқа сатылғаны анықталды.

Қуаныш Бекбасов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы:

- Бағаны өсіргендер заң жүзінде қатаң жазаға тартылады. Тіпті қылмыстық іс қозғауға да хақымыз бар. Заңда лауазымды тұлғалар мен дәріханаларды лицензиясынан айыру да қарастырылған. 

Хабар 24 телеарнасы