427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ көшедегі шуылдың қаупін атады

  • 286
  • UPD: 10:53, 14.07.2020
ДДСҰ көшедегі шуылдың қаупін атады

Қалалардағы немесе ауылдық жерлердегі шуыл жыл сайын шамамен 12 мың адамның өмірін қияды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазды француздық Le Monde журналы.

Автокөліктердің қозғалысы, ұшақтардың ұшу және қону кезіндегі шу және осыған ұқсас факторлардың инфаркт, инсульт, стенокардия және басқа аурулардың пайда болуына себеп болатыны айтылған.

«Ғалымдар үнемі және үздіксіз болатын шуылдың тұрғындардың денсаулығына тигізетін әсеріне өте алаңдаулы. Шуыл – адам ағзасының көптеген жүйесіне теріс әсер ететін қатты тітіркендіргіш», - дейді Францияның Клермон-Овернь университетінің зерттеушісі Поль Аван.

ДДСҰ-ның айтуынша, адам ағзасына қауіптілік тұрғысынан шуыл қоршаған ортаның ластануынан кейінгі екінші орында.

Сондай-ақ Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігі шуылдан зардап шегетін адамдардың саны өсіп келе жатқанын хабарлады. Осылайша, ұйым дәл осы себептен 48 мың еуропалық жүрек-қан тамыр ауруларынан зардап шегетінін дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы