424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шілдеде 42 500 теңгені алуда қандай өзгешеліктер бар

  • 725
  • UPD: 15:29, 14.07.2020
Шілдеде 42 500 теңгені алуда қандай өзгешеліктер бар

Бұл жолы жалдамалы жұмысшылардың атынан өтінішті жұмыс беруші толтырады.

Және бұдан былай оларда міндетті зейнетақы және әлеуметтік жарналардың болуы талап етілмейді.

Жеке кәсіпкерлердің өтініш беруі бұрынғыдай, бұл санаттағы азаматтардың да міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік жарналары тексерілмейді. Ескерер жайт, қала, аудандағы штаб өкілдері кәсіп иесінің  жұмысы елдегі жағдайға байланысты тоқтап қалғанын растайды, басқа қажет  ақпарат  салық комитеті арқылы да тексеріледі.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер бұл жолы бірыңғай жиынтық төлем  (ЕСП) аудармайды, деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында.

Хабар 24 телеарнасы