432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар психологиялық күйзеліске ұшырамаудың әдісін ұсынды

  • 445
  • UPD: 18:23, 14.07.2020
Мамандар психологиялық күйзеліске ұшырамаудың әдісін ұсынды

Израильде мамандар халыққа карантин кезінде психологиялық күйзеліске жол бермеудің амалын ұсынып отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде аты жаман ауру өршіп тұрғанда адамдар жанына жақын туған-туыстары мен дос-жаранға жақындап, құшағына ала алмай отыр. Сондықтан табиғат аясына шығып, ағашты құшақтауды ұсынады. Елдің қоршаған ортаны басқару ұйымы бұл бастаманы әлеуметтік желіге жариялап, көпшілікке дәл осы әдісті қолдануға кеңес берді. Мамандардың айтуынша, шара карантиннің қатаң шектеу талабын оңай еңсеріп, төзімді болуға септігін тигізеді. Бастаманы қолдаған тұрғындар аз болған жоқ.

Айта кетейік, қазір Израильде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Аймақта 40 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Кеселден 360-тан астам адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы