418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: бірнеше өңірде қатты ыстық болады

  • 199
  • UPD: 17:24, 16.07.2020
Ауа райы: бірнеше өңірде қатты ыстық болады

Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

17 шілдеде түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. 17 шілдеде күндіз 34-39 градус қатты ыстық, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 17 шілде күні 40-42 градус ыстық болады.

17 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде 17 шілдеде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде 17-18 шілде күндері күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Шымкент қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысында 17-19 шілде күндері 35-39 градус қатты ыстық болады. Қостанай қаласында 17-19 шілдеде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде 17 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 17 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында 17 шілде күні жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазғанда 17 шілдеде қатты ыстық 36-38 градус күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде 17-20 шілдеде күндіз 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында 17-20 шілдеде күндіз 38°С қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100%.

Хабар 24 телеарнасы