426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық бірнеше күнге созылады

  • 300
  • UPD: 09:33, 20.07.2020
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық бірнеше күнге созылады

Шілденің шіліңгір ыстығы әсіресе, Қызылорда мен Түркістан тұрғындарын титықтатты.

Бұл облыстарда ауа температурасы +40-тан асады. Дәл осындай жағдай Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақастанда да байқалады. Шығыста да күн күйіп тұр. Мұнда бүгін сынап бағанасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік жақта Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында да аптап ыстық сақталады. Осыған байланысты мамандар өрт қауіпсіздігіне абай болуды ескертеді. Бұған қоса, судан сая табуға асықпау керек. Қазір жерлестеріміз жаппай жағажайларға ағылып жатыр. Ал елдегі эпидемиялогиялық ахуал ушығып тұр. Сондықтан демалыс орындары уақытша жабылғаны туралы ақпарат алдық. Мәселен, күні кеше елордалықтардың сүйікті орынына айналған Көбейтұз көлінің маңында демалуға тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы