427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус адамға маса арқылы жұғуы мүмкін бе

  • 899
  • UPD: 11:14, 21.07.2020
Коронавирус адамға маса арқылы жұғуы мүмкін бе

Халықаралық ғалымдар тобы «коронавирус адамға масаның шағуы арқылы жұғуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеп, ауқымды зерттеу жүргізді.

Зерттеу мақаласы Nature ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар маса коронавирус жұқтырған адамды шағып, одан соң сау адамды шақса да оған коронавирус жұқтырмайтынын анықтады.

Осылайша, масалар коронавирус инфекциясын тасымалдаушы болып табылмайды.

Хабар 24 телеарнасы