431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19-бен ауырғандардан шаштың көп түсуі байқалған

  • 324
  • UPD: 15:50, 22.07.2020
COVID-19-бен ауырғандардан шаштың көп түсуі байқалған

COVID-19-дан сауығып шыққан адамдар шашының көп мөлшерде түсетініне шағымдануда, деп жазды Sun.

«Мен шашымның 55%-тейін жоғалттым және ол күн сайын әлі түсіп жатыр», - дейді коронавирустан жазылып шыққанына 1 ай болған Грейс Дадли.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс коронавирустық инфекция кезінде дене қызуының жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

«Дене қызуы 37,5-тен жоғары болған кезде шаштың түсу процесі жүруі мүмкін, өйткені олардың табиғи өсу циклі бұзылады», - деді дәрігер Арагон Джузеппе.

Сарапшылар бұл проблеманың уақытша екенін айтуда.

Хабар 24 телеарнасы