431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 230
  • UPD: 20:47, 22.07.2020
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай жарқылдап, ауа райы бұзылады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 36 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 23 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 17 м/с күтіледі.

Қостанай облысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 38 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 18 м/с. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: күндіз 23 шілдеде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 23 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің рас болып шығу ықтималдылығы 80-100 %

Хабар 24 телеарнасы