429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады

  • 253
  • UPD: 11:32, 23.07.2020
Елордада жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады?

Бұл сұраққа Жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамтуға көмек көрсету бөлімінің бастығы Азамат Байтасов жауап берді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазір жұмыспен қамту орталығына келудің, тіркелудің қажеті жоқ. Орталық ұсынатын барлық қызмет онлайн режимде жүргізіледі. 57-88-88 телефоны арқылы байланысуға болады. Қоңырау шалып, қажетті қызметті таңдап, өтінім қалдырыңыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, өтінім бойынша жұмыс істейді. Жұмыссыздарды тіркеу және жұмысқа орналастыру үшін бізде төрт қалалық телефон: 95-44-20, 57-86-19, 72-93-57 және 72-93-50, сондай-ақ екі ұялы телефон: 8-777-116-82-76 және 8-777-116-82-73. Оқу және грант бөлу бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 95-44-24, 95-44-16, 95-44-18, ұялы телефон: 8-702-513-61-19. Толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының cz.astana.kz сайтынан алуға болады», – деп түсіндірді А.Байтасов.

Сондай-ақ ол жұмысқа орналасқысы келетіндерге көптеген бос жұмыс орны бар екенін айтты. Жұмысшылар, құрылысшылар, жүргізушілер, мерчендайзерлер сұранысқа ие.

Еске салсақ, тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта шамамен 3 мың маман қажет. Сонымен қатар студенттер жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бос жұмыс орнын табуға көмектесу үшін жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

«Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығының call-орталығына 57-88-88 телефоны арқылы хабарласу керек. Онда сіз өтінімді, яғни тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, ЖСН және телефон нөмірін қалдырасыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, құжаттарды сұрайды, сізде диплом, еңбек кітапшасы, анықтама және қалада тіркеу болуы керек. Біз сізді тек осы жағдайда тіркейміз», – деді А.Байтасов.

Оның айтуынша, жұмыссыздарға жәрдемақы жарналар мен сақтандыру қорына қатысу мөлшеріне байланысты тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы