426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамыз айында ауа райы қандай болады

  • 909
  • UPD: 14:34, 29.07.2020
Тамыз айында ауа райы қандай болады

Қазақстан аумағында тамыз айында ауа райы қандай болады?

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева айтты.

«Тамыз айында күннің ұзақтығы солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады. Сондықтан ауаның орташа айлық температурасы тамыз айында шілдеге қарағанда 2-2 жарым градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 градусқа төмен болады. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градус, оңтүстікке қарай 27-29 градусқа жетеді», - деді Д.Әлімбаева.

Болжам бойынша жаздың соңғы айы климаттық норма шамасында болады.

Ауа массаларының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын жаңбырлы күндер қатар болатынын айтып өтті.

«Бұл Скандинавия аймағынан суық ауа массаларының енуіне және Жерорта теңізі мен Ираннан шығатын оңтүстік циклондармен байланысты», - деді.

Айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында жауын шашынның мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы