420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аптап ыстық апта соңында басылады

  • 412
  • UPD: 19:34, 23.07.2020
Аптап ыстық апта соңында басылады karasayinfo.kz

Жаздың соңғы айында ауаның орташа айлық температурасы бірқалыпты болады.

Тамызда шілдедегі шіліңгір 1-2 градусқа түседі. Бірақ климаттық норма сақталады. Скандинавия жақтан суық ауа массасының ел аумағына қарай ойысуына байланысты күн ала бұлтты болуы мүмкін.

Ал алдағы демалыс күндері бас шаһарда сынап бағаны күндіз 22-24 градусты көрсетеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бұршақ түсуі де ықтимал.

Ал Алматыда найзағай ойнап, жел екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы онда 33-35 градусқа дейін жоғарылайды.

Данара Әлімбаева, «Қазгидромет» РМК директоры:

– Республика батысында күн ашық және жауын-шашынсыз күтіледі. Температура аясына келетін болсақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – 30-39 градус, Маңғыстаудың оңтүстігінде 43 градусқа дейін ыстық ауа райы сақталады. Шығыста – 25-30 градус, оңтүстікте 33 градусқа дейін барады.

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Тамыз айында ауа райы қандай болады

Хабар 24 телеарнасы