417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WhatsApp мессенджеріне өзгерістер енгізіледі

  • 403
  • UPD: 10:32, 24.07.2020
WhatsApp мессенджеріне өзгерістер енгізіледі

WhatsApp мессенджерінің Android 2.20.196.8-ге арналған нұсқасында бірқатар жаңа функция пайда болады, деп жазды WABetaInfo.

Енді бір есептік жазбаны бір уақытта төрт құрылғы арқылы пайдалануға болады. Яғни бір профильге бірнеше смартфон немесе компьютерді байланыстыруға мүмкіндік болмақ.

Сонымен қатар WhatsApp-тағы іздеу жүйесін жеңілдету жоспарланып отыр. Хабарламалардың арасынан фотосуреттерді, бейнежазбаларды, сілтемелерді, аудио және құжаттарды бөлек-бөлек іздеуге болады.

Қазіргі уақытта бұл екі функция да әзірлену үстінде.

Хабар 24 телеарнасы