430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

  • 903
  • UPD: 15:50, 24.07.2020
Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

Карантин кезінде мешіттер жабық болғандықтан, Құрбан айт намазы оқылмайды.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, Республика бойынша мешіттер жабық болуына байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», -  деді Наурызбай Қажы.

Бұған дейін Құрбан айт күні белгіленгенін жазған болатынбыз.

Онлайн түрде құрбандық шалу жүйесі іске қосылды.

Құрбандыққа қандай мал шалынады?

ҚМДБ құрбандық қай уақытта шалынатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы