422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті қанша уақытқа жетеді

  • 449
  • UPD: 17:57, 29.07.2020
Адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті қанша уақытқа жетеді

COVID-19-бен ауырып, сауыққаннан кейін пайда болатын антиденелер ағзада мәңгі сақталмайды.

Бұл туралы дәрігер Ильназ Иматдинов мәлімдеді, деп жазды life.ru.

«Адамдар коронавирустың жеңіл түрімен ауырған кезде олардың ағзасында антиденелер титрі бірнеше ай ғана сақталады, содан кейін ол жоғалады», - деді дәрігер сұхбатында.

Ол адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті пайда болған соң вакцинация қажет те болмайды деген пікірмен келіспейтінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы