423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл соғып, бұршақ жауады

  • 394
Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл соғып, бұршақ жауады Sputnik Казахстан

Алдағы күндері бірқатар облыста жаңбыр, дауыл, бұршақ күтіледі. 

Ал кейбір өңірлерде, керісінше, ауа температурасының жоғарылауына байланысты өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысы

30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерде катты жаңбыр, тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Өскемен қ.: 30 шілдеде найзағай, жел екпіні 18 м/с күтіледі.

Семей қ.: 30 шілдеде найзағай, жел екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

30 шілдеде-1 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

30-31 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 30 шілдеде Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

30 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: күндіз 30 шілдеде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

30 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан қ.: 30 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысы

30 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақтау қ.: 30 шілдеде түнде найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

30 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы