432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 3 күн бойы қоғамдық көлік жүрмейді

  • 307
  • UPD: 20:27, 30.07.2020
Алматыда 3 күн бойы қоғамдық көлік жүрмейді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, алдағы мереке және демалыс күндері барлық қоғамдық көлік оның ішінде метроның жұмысы тоқтатылады деді қалалық көлік холдингінің мамандары.

Карантин уақытында қалада сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктер жүрмейтін. Ертеңгі Құрбан айт мерекесіне байланысты 31 шілде мен 1 және 2 тамыз күндері де қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Бұл шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы