420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталады

  • 295
  • UPD: 21:02, 31.07.2020
Оралда тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталады

Оралда 3 тамыздан бастап тұрғын үй сертификатын алуға өтініштер қабылдау басталады. Оған көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар қатыса алады. Сонымен бірге денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау және өзге де сала қызметкерлерінің де өтініш беру мүмкіндігі бар.

Мамандардың айтуынша, барлық қатысушылар өздерінің табысы мен төлем қабілетін растайтын құжаттарды бірге тапсыруы тиіс. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 56 миллион теңге бөлінген. 

Қанат Өмірәлиев, қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары: 

- Өтініш беру үшін алдымен банктен өткен қағаз болу керек. Банк дәлелдеуі керек: осы кісіге біз қарыз сомасын беруге дайынбыз деген қағаз болуы керек. Бастапқы жарна мысалы ол кісіге 10 миллион теңгенің үйін алатын болса 1 миллион теңге керек деп арыз жазады бізге. Біз соның 50 пайызын береміз – 500 мың теңге!

Хабар 24 телеарнасы