427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар аймақта ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 458
  • UPD: 23:34, 31.07.2020
Бірқатар аймақта ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

1 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 16 метрге жетеді. Ауа райына бұл болжамның рас келу ықтималдылығы 90-100%.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35 градус аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда +35 градус қатты ыстық болады. Ауа райына бұл болжамның рас келу ықтималдылығы 70-75%.

1 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан қаласында таңертең найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа райына бұл болжамның рас келу ықтималдылығы 90-95 %.

Шымкентте кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында +35-38 градус аптап ыстық болады. Ауа райына бұл болжамның рас келу ықтималдылығы 90-95%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстікте +37 градус аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ауа райына бұл болжамның рас келу ықтималдылығы 85-90%.

Хабар 24 телеарнасы