432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

  • 330
  • UPD: 15:17, 03.08.2020
Елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері азаматтарды 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдайтын болады. Ал мамандандырылған ХҚО сенбі күні қосымша 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚО-ға кезекті 16:30-ға дейін (авто ХҚО-ға сенбі күні 15:30-ға дейін) брондау қажет. Кезекті egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік арақашықтық және бетпер тағу тәртібі қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚО-ға барудан бас тартқаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы