423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Бигелдинов көшесі мен Алаш тасжолы жартылай жабылды

  • 225
  • UPD: 12:37, 04.08.2020
Елордада Бигелдинов көшесі мен Алаш тасжолы жартылай жабылды

Елордада Бигелдинов көшесі мен Алаш тасжолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 4-10 тамыз аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Сонымен қатар 4-10 тамыз аралығында Алаш тасжолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай жабылады.

Хабар 24 телеарнасы