426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

  • 362
  • UPD: 13:16, 05.08.2020
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі Flickr

Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.

Қазгидромет 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Барлық дерлік жерде найзағаймен жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы тәулікте ғана жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.

Хабар 24 телеарнасы