424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас қалада Ермеков көшесі жартылай жабылды

  • 268
  • UPD: 14:14, 05.08.2020
Бас қалада Ермеков көшесі жартылай жабылды

Елордада Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ермеков көшесінде Қарасақал Ерімбет көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол салу жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Осыған орай 5-20 тамыз аралығында осы учаскедегі көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған.

«Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы