429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 360
  • UPD: 17:35, 05.08.2020
Ауа райы: бірнеше облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 6 тамызда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде 6 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ болады деп күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с болады. 6 тамыз күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысында кей жерлерінде 6 тамызда найзағай, оңтүстікте 38 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай облысында орташа төтенше деңгейі күтіледі. Қостанай қаласында 6 тамызда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20м/с күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде 6 тамызда 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 40 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 6 тамыз күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі күтіледі.

6-8 тамызда Алматы облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қаласында 6-8 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 6 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 6 тамызда Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

7-8 тамыз күндері Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 6-8 тамызда басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз 6-8 тамызда 39°С қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде 6-7 тамызда найзағай, бұршақ, жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 6-7 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 6 тамызда күндіз жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 6 тамызда 35-37 градус қатты ыстық, найзағай күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы