426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда шілде айында рекордтық деңгейде ыстық ауа райы тіркелді

  • 287
  • UPD: 11:41, 06.08.2020
Қазақстанда шілде айында рекордтық деңгейде ыстық ауа райы тіркелді

2020 жылдың шілде айында Қазақстанның батыс жартысында күн ыстық болды, ауа температурасы нормадан 1-4°С жоғары тіркелген.

Ал республиканың шығыс жартысында температуралық фон климаттық норма шамасында болған, деп хабарлады Қазгидромет.

«Айдың ортасында Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен бүкіл Қазақстан бойынша жауын-шашынсыз ыстық ауа райы байқалды. Жекелеген күндері еліміздің батысында қатты және өте қатты ыстық байқалды, осылайша, көпжылдық максимумдар жабылды. Мысалы Ақтау мен Атырауда 12 шілде 40,6 және 41,3 °С, Ақтөбеде 13 шілде 40,6°С, Оралда 14 шілде 40,8° С температура тіркелді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ рекордтық ыстық күндер Қазақстанның орталығы мен шығысында байқалды. Жезқазғанда 18 шілде 39,1°С, Өскеменде 17 шілде 37,4°С.

«Жауын-шашын бойынша шілде айында республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, Қазақстанның солтүстік-шығыс жартысында нормаға жуық, Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысының жекелеген аудандарында нормадан 1-3 есе көп болды. Мысалы, жекелеген күндері тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері бір айлық норманы құрады. 3 шілдеде Ақмола облысында Балкашино метеостанциясында айлық норма 60 мм болғанда 49 мм түсті. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Семиярка метеостанциясында айлық норма 38 мм болғанда 37 мм түсті», - деп хабарлады Қазгидромет.

Хабар 24 телеарнасы