432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамыз айында ауа райы қандай болады?

  • 550
  • UPD: 20:08, 06.08.2020
Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Шілде айында ауа температурасы әдеттегіден 1-4 градусқа жоғары болған. Айдың орта тұсында біраз өңірде қатты ыстық күндер тіркелді.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Қазақстанға Жерорта теңізінен ыстық ауа ағыны келіп, Ақтау, Атырау мен Ақтөбеде температура 40 градусқа дейін көтерілген. Сондай-ақ еліміздің шығысында да сынап бағанасы 39 градусқа жетті. Шілдеде жауын-шашынды күндер де аз болмады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде нөсер жауын жауып, бір күнде бір айлық нормадан асқан.

Мамандардың болжауынша, тамыз айында ауа температурасы климаттық нормадан аспайды. Ыстықтың беті қайтып, жауын-шашын мөлшері қалыпты болады. Тек таулы аймақтарда қатты нөсер болуы мүмкін.

Камила Исабекова, «Қазгидромет» рмк инженер-синоптигі:

- 2020 жылдың тамыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында. ШҚО-ның солтүстік-шығыс бөлігінде, сонымен қатар Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында нормадан көп. Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының оңтүстік бөлігінде нормадан аз болады деп болжанады. Тамыз айының бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында тұрақсыз ауа райы, циклондар байланысты болады. Олардың өтуі қысқа мерзімді жауын-шашынға, кей жерде күшті жауынға, желдің күшеюіне әкеледі. 

Хабар 24 телеарнасы