421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8-10 тамыз аралығында ауа райы қандай болады

  • 317
  • UPD: 11:36, 07.08.2020
8-10 тамыз аралығында ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашын болады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

«Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді, онымен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Хабар 24 телеарнасы