427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диабет кезінде қандағы қант деңгейін төмендетудің оңтайлы әдісі анықталды

  • 450
  • UPD: 20:26, 07.08.2020
Диабет кезінде қандағы қант деңгейін төмендетудің оңтайлы әдісі анықталды

Ұлыбританиялық мамандар диабетке шалдыққандардың ағзасындағы қант деңгейін төмендетудің ең жақсы әдісі ретінде төмен гликемиялық диетаны ұсынды.

Сарапшылар қант диабеті қаупі бар адамдар гликемиялық индексі төмен тағамдарды тұтынуы керек екенін айтуда. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диета қандағы қанттың мөлшерін төмендетуге көмектеседі.

Атап айтқанда, олар көкөністерді, жаңғақтар, бұршақ дақылдарын және кейбір дәнді дақылдарды, жапырақты аскөк, жұмыртқаны тұтынуды ұсынады.

«Гликемиялық индексі төмен тағамдар туралы айтатын болсақ, авокадо өте пайдалы», - дейді мамандар.

Гликемиялық индексі жоғары тағамдарға қант пен десерттер, ақ нан, ақ күріш және картоп жатады.

Хабар 24 телеарнасы