429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 339
  • UPD: 17:23, 11.08.2020
Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды almaty.today

12-13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қарағанды қ.: 12 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

***

12 тамызда Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қ.: 12 тамызда жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: 12 тамызда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

***

12 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 12 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

***

12 тамызда Шығыс Қазақстан найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскемен қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қ.: 12 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.

***

12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

***

12 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

***

12 тамызда Қостанай облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Қостанай қ.: 12 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы