423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар аймақта бұршақ жауады

  • 247
  • UPD: 11:01, 14.08.2020
Бірқатар аймақта бұршақ жауады

Бүгін еліміздің біраз аймағында ауа-райы қолайсыз болады. Әсіресе Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді.

Кей бөліктерін тұман басуы мүмкін. Ал Қарағанды облысының аумағында бұршақ жауады. Оңтүстікте керісінше аптап ыстық сақталады. Соған сәйкес, өрт қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлу керек. Әсіресе Қызылорда облысында сынап бағанасы салыстырмалы түрде жоғары. А, еліміздің шығыс бөлігіне жауын-шашын мол түседі.

Хабар 24 телеарнасы