422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүйрекке аса зиян өнім аталды

  • 1365
  • UPD: 12:27, 17.08.2020
Бүйрекке аса зиян өнім аталды

Тұзды шамадан тыс пайдалану бүйрекке зиян келтіруі мүмкін.

Бұл туралы нефролог дәрігер Людмила Артюхина айтты, деп жазды iz.ru.

Оның айтуынша, қазір фастфуд пен жартылай фабрикат тағамдарды көп тұтынудың салдарынан адамдар тұзды мөлшерден көп пайдаланады.

Маман бүйрек аурулары кезінде көбінесе симптомдар болмайтынын, сондықтан науқастар аурудың ауыр сатысында ғана ауруханаларға жүгінетінін айтып өтті.

Айтуынша, бүйрек ауруы кезінде әлсіздік, шаршау, ісіну, сондай-ақ артериялық гипертензия болады.

Сонымен қатар қан қысымына қатысты проблемалар туындаған кезде бүйректі тексерту қажет екеніне тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы