432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды

  • 282
  • UPD: 12:49, 17.08.2020
Елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері А.Шагалтаеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ге дейін қызмет көрсетеді.

АвтоХҚО-ларда құжаттар жұмыс күндері және сенбі күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09:00-ден 20:00-ге дейін беріледі.

Сондай-ақ әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚО-да алдын ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

Ал электрондық қызметтер зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана жеңілдік терезелерінде көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етіледі.

Ақпарат көзі: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы