424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 246
  • UPD: 15:20, 18.08.2020
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды Караван

19 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қарағанды қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

***

19 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

***

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

***

19 тамызда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

***

19 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

***

19 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы