431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 281
  • UPD: 02:25, 31.08.2020
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

19 тамызда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 19 тамыз күні найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 19 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр болады.

Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 19 тамыз күні тұман түседі.

Ақтауда 19 тамызда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 70-100%.

Хабар 24 телеарнасы