426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 221
  • UPD: 17:09, 19.08.2020
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Диапазон

Қазгидромет 20 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қ.: оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 20 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: күндіз 20 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: күндіз 20 тамызда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 20 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 20 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 20 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы