426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі мен алкоголь саудасы: жеке куәлік тек күмән туғанда сұралады

  • 217
  • UPD: 13:56, 20.08.2020
Темекі мен алкоголь саудасы: жеке куәлік тек күмән туғанда сұралады

Енді барлық сатып алушыларға жеке куәлігін көрсетудің қажеті жоқ. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері осылай деп хабарлап отыр.

Құжат тек сатып алушының 21 жасқа толғаны күмән туғызса ғана талап етіледі. Бұл өзгерістер тамыздың 19-ында енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі осы өнімдерді сатып алғысы келетін барлық азамат куәлік көрсетуі қажет деп мәлімдеген болатын. Мұндай шешім қоғам арасында көптеген дау туғызды.

Хабар 24 телеарнасы