429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 мұздатылған өнімдерде сақтала ма

  • 263
  • UPD: 17:30, 20.08.2020
COVID-19 мұздатылған өнімдерде сақтала ма

Сингапур ғалымдары коронавирустың мұздатылған тағамдарда кем дегенде үш апта сақталатынын растады.

«Біздің зертханалық талдаулар SARS-CoV-2-дың халықаралық азық-түлік саудасында белгіленген тасымалдау мен сақтау жағдайларына байланысты уақыт пен температураға төтеп бере алатындығын көрсетті. Тауық етіне түскен SARS-CoV-2 вирусы 21 күн бойы төрт градуста және 20 градус салқын температурада да күштілігін жоғалтпады», - делінген зерттеуде.

Мамандар инфекция түскен тағамдар арқылы жұмысшыларға вирус жұғуы мүмкін екенін айтып өтті. Оның алдын алу үшін қолды жиі жуып, тазалық сақтау қажет екенін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда мұздатылған тауық етінен коронавирус табылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы