420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 252
  • UPD: 17:28, 20.08.2020
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды pxhere.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз 21 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

***

21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

***

21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

***

21 тамызда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

***

21 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы