428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 470
  • UPD: 16:56, 21.08.2020
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды sputniknews.kz

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

22 тамызда Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қарағанды қ.: күндіз 22 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 22 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

***

22 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: 22 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

***

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 22 тамызда найзағай күтіледі.

***

22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

***

22 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

***

Күндіз 22 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы