424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 23 тамыз күні қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады

  • 216
  • UPD: 16:58, 21.08.2020
Елордада 23 тамыз күні қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жексенбі күні, 23 тамызда қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді – карта, SMS, QR-код.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы