420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 283
  • UPD: 23:56, 21.08.2020
Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Сенбі, 22 тамызда ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі 8 облыстың аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

22 тамызда Қарағанды облысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерлерде секундына 15-23 м жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сенбі күндіз Қарағанды қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 м жетеді.

Сол күні Жезқазғанда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

22 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сенбі таңертең және күндіз Көкшетауда найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін.

Сенбі Петропавлда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

22 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

22 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

22 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде қатты нөсер жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сенді Ақтауда найзағай ойнап, жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

22 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы