420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, бұршақ жауады

  • 537
  • UPD: 16:27, 23.08.2020
Еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, бұршақ жауады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбырмен жауады. Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл мен жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды ​​облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды, түн тұманды болады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с шамасында.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл мен жел күшейеді, күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең уақыт тұманды болады.

Түнде Атырау облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, тұман бауырлайды. Маңғыстау облысында бұршақ жаууы ықтимал. Дәл осындай күн райы Ақтөбе облысында байқалады. Ал Жамбыл облысының кей жерінде жел екпіні 16-21 м/с аралығында. Түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында  өрт қаупі сақталады.       

 Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы