424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: Еліміздің бірқатар аймағында күн бұзылып, жауын жауады

  • 293
  • UPD: 09:48, 24.08.2020
Ескерту: Еліміздің бірқатар аймағында күн бұзылып, жауын жауады

«Қазгидромет» мемлекеттік мекемесі еліміздің бірнеше аймағында күн бұзылып, жауын жауады деп ескертеді.

Мысалы, бүгін Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғуы ықтимал. Ақтау қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. 24 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл соғады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан тұрып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді делінген. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы