426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: елімізде күн ысиды

  • 419
  • UPD: 11:51, 24.08.2020
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: елімізде күн ысиды Sensumclub

25-27 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де биік циклонның ықпалында болады, онымен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, көптеген өңірлерде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, онда күндізгі температураның 20-25-ке дейін, кей жерлерде 28-ге дейін төмендеуі болжанады.

Хабар 24 телеарнасы